ҚАЗ РУС 23 мамыр 2018 ж.

0902000 «Электрмен жабдықтау»
мамандығы

Біліктілігі: Техник – электрик
Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында

3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Наяндина Алла Уразовна
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
51
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
сырттай оқу бөлімі
15

11
4
Оқушылардың саны, барлығы:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша
363

269
94

130
-

Техник – электрик кәсіптік қызметінің нысандары сала кәсіпорындарының электрмен жабдықтау желілері; 110кВ дейін қоса алынған кернеулі сала кәсіпорындарының электрлік қосалқы стансалары; релелік қорғаныс, бақылау-өлшеу құралдары, электр энергиясын есепке алу құрылғылары, диспетчерлік байланыс және телемеханика; электрмен жабдықтау қондырғыларының әзірлеу сатысындағы жоба-сметалық құжаттамасы. Техник – электрик ортаңғы буынның жетекшісі, электрлік қосалқы стансаларды электрмен жабдықтау қызметтерінің электр жабдықтарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру, электр берілісі мен тарату жүйелері желісін жобалау мен құрылымдық әзірлеу, темір жол көлігін электрлендіру жөніндегі өндірістік үдерісті ұйымдастырушы болып табылады.

Техник – электрик білуі керек:
  • электр және магнит өрістерінің қасиеттері мен заңдарын; электр және магнит тізбектерін есептеудің әдістерін; электрмагнит индукциясының физикалық үдерістерін, айнымалы токты электр тізбектерін және оларды есептеудің әдістерін;
  • электр жабдығын жасауда және жөндеуде қолданылатын құрылымдық және электртехникалық материалдардың негізгі түрлерін;
  • метрологияның негізгі ережелерін, электр өлшеу аспаптарының тұрпаттарын, құрылысын, жұмыс істеу принципін және қолданылу саласын;
  • электрлік машиналар, трансформаторлар жұмысы принципінің негізінде жатқан электрмагнит және электрмеханикалық үдерістерді және олардың қолданылу саласын;
  • өнеркәсіптік электроника негіздерін;
  • түйіспе аспасының құрылымын; түйіспе желісіне техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиясын;
  • релелік қорғаныс түрлерін, оның қызметтерін;
  • электрлік берілістер желілеріндегі апаттарды жоюды ұйымдастырудың әдістерін.
Техник – электриктің қолынан келуі керек:
  • электр беріліс желісінің механикалық есебін орындау; электрлік параметрлер бойынша электр желілері, қосалқы стансалар және тарату пунктерінің электр жабдығын таңдауды жүзеге асыру;
  • электр энергиясын қабылдауыштар жіктемесін құру; электрлік жүктемелердің кестесі мен картограммасын орындау; 1000 В дейінгі және одан жоғарғы тұтынушылар жүктемесін есептеу; қосалқы стансадағы трансформаторлардың саны мен қуаттылығын таңдауды жүргізу; қысқа тұйықталу тоғын есептеу;
  • өндірістік кәсіпорынның электрмен жабдықтау желілеріне арналған қорғаныс және электравтоматика таңдауды орындау;
  • кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелеріне арналған электр энергиясын есепке алу жүйелерін таңдауды орындау.
Техник – электрик келесі дағдыларды игеруі керек:
  • электр берілісінің желісін, қосалқы станса мен тарату желілерінің электр жабдығын техникалық пайдалану;
  • жөндеулердің кестелері мен технологиялық карталарын құру, электр жабдығын жөндеу және монтаждауды ұйымдастыру;
  • желіні, трансформаторды, қозғалтқышты қорғауды баптау;
  • электр қондырғыларында жедел ауыстырып қосу;
  • электр жабдығын пайдалану және жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы жүргізу;
  • кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімшелерінде қолдануға арналған электр энергиясын есепке алу деректерін өңдеу.
Аталған мамандық бойынша колледжді тәмамдап, түлек келесі лауазымдар бойынша жұмыс істей алады::
  • түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы стансаның жоғары біліктілікті жөндеушісі;
  • түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы стансаның электрмеханигі;
  • түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станса ауданының энергия диспетчері;
  • тартымдық қосалқы станса, түйіспе желісі және желілік ауданның бастығы;
  • желілік ауданның, түйіспе желісі мен жөндеу-тексеру телімінің аға электрмеханигі.
^ Наверх