ҚАЗ РУС 17 қазан 2018 ж.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
мамандығы

Біліктілігі: Техник – бағдарламашы
Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында

3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Наяндина Алла Уразовна
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
35
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
заочное отделение
3

3
-
Оқушылардың саны, барлығы:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша
69

69
-

-
-

Техник-бағдарламашы кәсіптік қызметінің нысандары – есептеу орталықтары, әр түрлі министрліктердің, департаменттердің, кәсіпорындар, фирмалар мен коммерциялық құрылымдардың ақпаратты өңдеу бөлімдері. Қызмет түрлері: деректер базалары мен ақпараттық-іздеу жүйелерін құру және қызмет көрсетуге арналған бағдарламаларды әзірлеу; орта және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында информатика және бағдарламалау пәндерін оқыту; ғылыми және экономикалық міндеттерді шешу үшін бағдарламаларды құру; ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданумен және ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты қызметтің басқа да түрлері; темір жол көлігіндегі БАЖ-не арналған бағдарламаларды құру.

Техник – бағдарламашы білуі керек:
  • деректер базаларын басқарудың жүйесін;
  • деректер базаларын басқару жүйелерін ұйымдастыруды;
  • деректер базаларына құрылымданған сұрау салудың тілін;
  • деректер базаларын басқару жүйелерінің интербелсенді құралдарын;
  • браузерлерді, сайттар құру құралдарын;
  • ДК негізгі техникалық сипаттамаларын;
  • өз білімін бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейтуде қолдана алуды;
  • бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын бағалаудың өлшемдерін;
  • бағдарламалардың қызмет ету кезеңін; бағдарламалық қателердің түрлерін;
  • объектілі-бағытты бағдарламалаудың әдістерін;
  • желілік, дискреттік және динамикалық бағдарламалауды.
Техник – бағдарламашының қолынан келуі керек:
  • бағдарламаларды баптауға арналған сапалы бақылау үлгілерін құру;
  • электрондық пошта және интернетті пайдалану;
  • объектілі-бағытты бағдарламалау әдістерімен жобалар құру;
  • ДК қазіргі сыртқы құрылғыларын пайдалану;
  • қолданыстағы ДК паркінің және олардың негізіндегі желілердің жұмысқа қабілеттілігін қолдауды жүзеге асыру.
Техник-бағдарламашы игеруі керек:
  • бағдарламаларды баптау технологияларын;
  • ЕТ техникалық қызмет көрсету және пайдалануды;
  • деректер базасын ұйымдастыруды;
  • қазіргі әдіснама мен үлгілеу құралдарын;
  • «клиент-сервер» технологиясын.
^ Наверх