ҚАЗ РУС 20 сәуір 2018 ж.

1107000 «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану»
мамандығы

Біліктілігі: Техник – механик
Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында

3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Наяндина Алла Уразовна
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
44
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
сырттай оқу бөлімі
12

9
3
Количество обучающихся, всего:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
229

217
12

100

Техник – механик кәсіптік қызметінің нысандары түрлі меншік нысанындағы жол ұйымдарының кәсіпорындары болып табылады. Техник – механик ортаңғы буынның жетекшісі, жаңа темір жол желілері мен автомобиль жолдарын салған кезде көтеріп-тасымалдағыш, жол-құрылыс машиналары мен жабдығына қызмет көрсету жөніндегі өндірістік үдерісті ұйымдастырушы болып табылады.

Техник – механик білуі керек:
  • қазіргі жол машиналарын, автомобильдер мен тракторларды, олардың құрылымын, жұмыс істеу принципін, реттеуді, қолданылу тиімділігін, жол техникасын дамыту және қолданудың келешегін;
  • жол ұйымдарында қолданылатын машиналар мен жабдықтың жалпы құрылысын;
  • автомобиль жолдарын салудың негіздерін және пайдалануды;
  • машиналарға техникалық қызмет көрсетудің технологиялық карталарын құру, жол техникасын қолданудың тиімділігін талдау;
  • техникалық пайдалануды және автомобильдерді, тракторлар мен жол машиналарын жөндеуді басқарудың автоматтандырылған әдістері туралы;
  • автомобильдерге, тракторлар мен жол машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастырудың ұйымдастыру-техникалық және технологиялық міндеттерін шешкен кездегі талдау жүйесін;
  • машиналар мен жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету ережелерін, жөндеуін ұйымдастыруды және оның технологиясын.
Техник – механиктің қолынан келуі керек:

  • машиналар, тораптар, бөлшектердің техникалық күйін анықтау; бөлшектеу-жинақтау жұмыстарын жүргізу; агрегаттар мен машиналарды баптау, реттеу;
  • автомобильдерді, тракторларды, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалануды ұйымдастыру бойынша саланың келешекте дамуының талаптарына жауап беретін тиімді жобалық шешімдерді әзірлеу;
  • қолданылатын машиналардың экономикалық тиімділігін анықтау;
  • жол-құрылыс кәсіпорындарының технологиялық телімдерінің, цехтарының, шеберханаларының жобаларын әзірлеу;
  • автомобильдердің, тракторлардың, жол машиналары мен техникалық жабдықтың монтажын және бөлшектеуін орындау;
  • басқарудың озық әдістерінің негізінде өндірісті және ұжымның тиімді жұмысын ұйымдастыру;
  • өндірісті басқару үдерісінде технологиялық, құрылымдық, экономикалық есептерді орындау кезінде қазіргі әдістер мен есептеу техникасын қолдану;
  • автомобильді, тракторды және жол машиналарының бірін жүргізу.
Техник – механик игеруі керек:
  • жол ұйымдарында жөндеу кезінде қолданылатын станоктар және жабдықтармен жұмыстың дағдыларын;
  • жұмыс кәсібін – «В» немесе «ВС» санатты жүргізуші, 2-3 разрядты жол машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь.
Аталған мамандық бойынша колледжді тәмамдап, түлек келесі лауазымдар бойынша жұмыс істей алады:
  • жол шеберханаларының шебері;
  • телімдер мен цехтардың жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі шебері;
  • көтеріп-тасымалдағыш машиналарды жөндеу жөніндегі механик;
  • жол-құрылыс машиналары мен жабдығын жөндеу жөніндегі механик;
  • КТҚЖМ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер;
  • өндірістік телімнің бастығы.
^ Наверх