ҚАЗ РУС 20 сәуір 2018 ж.

1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»
мамандығы

Біліктілігі: Техник – тасымалдауды ұйымдастырушы
Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында

3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Задорожная Раиса Алексеевна
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
23
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
сырттай оқу бөлімі
13

9
4
Оқушылардың саны, барлығы:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
366

249
117

30

Техник-тасымалдауды ұйымдастырушы кәсіптік қызметінің нысандары: кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, аталған мамандықты тәмамдаған түлек қызмет етуі мүмкін салаға және кәсіби қазметтің белгілі бір түрлерін орындауға тікелей немесе жанама қатысы бар түрлі коммерциялық құрылымдар.

Техник – тасымалдауды ұйымдастырушы білуі керек:
  • пойыздар қозғалысын және маневрлік жұмысты ұйымдастыру жүйесін, темір жол стансасы жұмысының технологиясын, вагондар ағымын ұйымдастыруды, пойыздарды қалыптастыру жоспарын және қозғалыс кестесін; жедел жоспарлауды, пайдалану жұмысын басқарудың нысандары мен құрылымын; жылжымалы құрамды және темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдаланудың негіздерін; пайдалану жұмысын есепке алу, ол бойынша есеп беру және талдау жүйесін;
  • жүк және коммерциялық операцияларды орындаудың технологиясын; жүктерді тасымалдауды құжаттық ресімдеудің ережелерін, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың құқықтық қарым-қатынастарын реттейтін негізгі ережелерді; жүк және коммерциялық жұмыс бойынша есепке алу және есептілік жүргізудің негізгі ережелерін;
  • темір жол көлігі қызметкерлерінің жалпы міндеттерін; темір жолдардың негізгі ғимараттары мен құрылысын, жылжымалы құрамды, оны күтуге қойылатын талаптар мен нормаларды, пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды және сигнал беру принциптерін; қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртібін;
  • жүк-жолаушы операцияларын орындаудың технологиясын, вокзал жұмысының технологиясын; жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдауды құжаттамалық ресімдеу ережелерін;
  • жолаушылардың темір жолмен қарым-қатынасын реттейтін негізгі ережелерді, жолаушылар тасымалы бойынша есепке алуды және есептілікті жүргізудің негізгі ережелерін;
  • қозғалыс, жолаушылар мен жүк тасымалдаудың қауіпсіздігін регламенттейтін темір жолдарды техникалық пайдаланудың ережелерін және нұсқаулықтарын, пойыздар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің апат жағдайындағы әрекеттерінің регламентін.
Техник – тасымалдауды ұйымдастырушының қолынан келуі керек:
  • басшылық ететін орнында қозғалысты басқаруды қамтамасыз ету;
  • тәжірибелік қызметінде жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру бойынша қолданыстағы ережені пайдалану;
  • тәжірибелік қызметінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қолданыстағы ережелерді пайдалану, жолаушыларды, бағажды және жүк-багажды тасымалдау тарифін дұрыс қолдану;
  • пойыздар қозғалысының толық қауіпсіздігі мен жолаушылар қауіпсіздігін, техникалық құралдардың тиімді қолданылуын, тасымалданатын жүктер сақталуын қамтамасыз ете отырып, темір жолдар жылжымалы құрамы негізгі құрылыстары мен құрылғылары техникалық жағдайының ТПЕ талаптарына сәйкестігін анықтау;
  • пойыздар қозғалысының кестесін құру;
  • жылжымалы құрамның және тиеу-түсіру жұмыстарының барлық тұрпаттарын ажырату, қоймалардың негізгі параметрлерін және тиеу-түсіру машиналарының техникалық өнімділігін есептеу;
  • барлық тұрпатты стансалардың сұлбаларын талдау, стансалық құрылғылардың мейілінше оңтайлы нұсқаларын таңдау;
  • пойыздарды маневрлік жұмыс үшін қабылдау, жөнелту және өткізуге арналған стансалық автоматты жүйелерді қолдану.
Аталған мамандық бойынша колледжді тәмамдап, түлек келесі лауазымдар бойынша жұмыс істей алады:
  • дөңес бойынша кезекші;
  • вокзал бойынша кезекші;
  • пойыз диспетчері;
  • станса бойынша кезекші;
  • станса бастығы;
  • тауар және билет кассирі;
  • жүк пен багажды қабылдап–тапсырушы;
  • маневр диспетчері;
  • орталықтандыру қосынының операторы;
  • парк бойынша кезекші;
  • пойыздарды құрастырушы;
  • СТО операторы;
  • дөңес бойынша кезекші жанындағы оператор.
^ Наверх