ҚАЗ РУС 19 шілде 2018 ж.

1108000 «Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
мамандығы

Біліктілігі: Техник – электрмеханик
Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында

3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Оспанова Айгуль Самуратовна
ВагондарЛокомотивтер
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
37 35
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
сырттай оқу бөлімі
12

8
4
12

8
4
Оқушылардың саны, барлығы:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша
259

203
56

100
30
311

219
92

-
-

Техник-электрмеханик кәсіптік қызметінің нысандары келесілер болып табылады: кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, аталған мамандықты тәмамдаған түлек қызмет етуі мүмкін салаға және кәсіби қазметтің белгілі бір түрлерін орындауға тікелей немесе жанама қатысы бар түрлі коммерциялық құрылымдар.

Техник – электрмеханик білуі керек:
  • темір жол жылжымалы құрамының тұрпаттары мен негізгі сипаттамаларын, механикалық бөлігі мен қосымша жабдығының құрылымын, олардың жұмысын;
  • жылжымалы құрамның электрлік аппараттары, аспаптары мен құрылғыларының сипаттамаларын, күш тізбектерінің, басқару тізбектерінің аппараттарын, электр жабдығын қорғауды, жылжымалы құрамның өлшеуіш аспаптары мен электрлік тізбектерін;
  • жылжымалы құрамды пайдалану негіздерін, техникалық диагностика әдістерін және жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуді;
  • локомотивтер мен вагондарды жөндеу және жабдықтау телімдерінде технологиялық үдерістерді нормалауды, бақылауды және басқаруды;
  • жылжымалы құрам тежегіш жабдығының міндетін, құрылысын және жұмысын;
  • темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерін және қозғалыс қауіпсіздігін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды регламенттейтін нұсқаулықтарды, апат жағдайларындағы пойыздар қозғалысымен байланысты қызметкерлер әрекетінің регламентін;
  • локомотив (вагон) шаруашылығы экономикасының негіздерін, техникалық нормалауды, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау принциптерін.
Техник – электрмеханиктің қолынан келуі керек:
  • басқару тізбектерінің, күш тізбектерінің, электржабдықтың қорғаныс тізбектерінің электр сұлбаларын оқу;
  • қарапайым монтаж электр сұлбаларын құру;
  • технологиялық үдерістердің талаптарына сәйкес жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау;
  • слесарлық, электрмонтаж және пісіру құралдарын қолдану;
  • металдарды өңдеу, механикалық және электр жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;
  • слесарлық, электрмонтаж және электрмен пісіру жұмыстарын орындау.
Аталған мамандық бойынша колледжді тәмамдап, түлек келесі лауазымдар бойынша жұмыс істей алады:
  • ӨТБ және цех шебері;
  • пойыз бастығы;
  • жолаушылар пойызының электрмеханигі;
  • рефрижератор секциясының механигі;
  • жөндеу-жинау цехының бригадирі;
  • арбашық немесе доңғалақ-ролик цехының шебері;
  • ӨТБ технологы.
^ Наверх