ҚАЗ РУС 17 қазан 2018 ж.

0518000 «Есеп және аудит»
мамандығы

Біліктілігі: Бухгалтер
Срок обучения
жалпы білім базасында
орта білім базасында

2 жыл 10 ай
1 жыл 10 ай
Бөлімше меңгерушісі Задорожная Раиса Алексеевна
Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:
26
Мамандық бойынша топтардың саны:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімі
сырттай оқу бөлімі
6

3
3
Оқушылардың саны, барлығы:
олардың ішінде:
күндізгі оқу бөлімінде
сырттай оқу бөлімінде
олардың ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша
127

66
61

-
-

Бухгалтер кәсіптік қызметінің нысандары: мүлік, жеке капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістік, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтің қаржылық нәтижелері; бухгалтерлік, оперативтік, статистикалық есеп және салық есебі; стратегиялық, ағымдағы, оперативтік жоспарлау; экономикалық және қаржылық-шаруашылық қызметті бақылау және талдау; аудит; жұмыста қолданылатын нормативтік және есептеу-бөлу құжаттамасы; сондай-ақ шаруашылық етуші субъектілердің түрлі салалардағы мүдделеріне негізделген басқа да құндылықтар.

Бухгалтер білуі керек:
  • Қазақстан Республикасының “ Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ” 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заңын;
  • бухгалтерлік есептің стандарттары мен оларға арналған әдістемелік ұсыныстарды;
  • бухгалтерлік құжаттаманы;
  • кәсіпорын мен мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін нормативтік актілерді;
  • Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызмет шоттарының бас жоспарын; Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы заңнаманы, оны өткізу тәртібін, аудит стандарттарын және аудитор әдебін; бухгалтерлік есепті жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды, бухгалтерлік есеп нысандарын;
  • мүлік пен міндеттемелерді түгендеуді өткізуді; бухгалтерлік және статистикалық есептілікті құруды;
  • қабылданған стандартты әдіснама бойынша шаруашылық етуші субъектілердің, делдалдық ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдауды; кәсіпорынның өтемпаздық және төлем қабілеттілігін бағалауды;
  • аудиторлық тексеруді жоспарлауды, ұйымдастыруды, қорытындыларын жасауды;
  • шешімдер қабылдау үшін негізгі және үстеме шығыстарды, өндіріс деңгейін және өнімнің сатылуын талдауды.
Бухгалтердің қолынан келуі керек:
  • субъектінің есеп саясатын және шаруашылық операциялар бойынша есептер құжаттамасын құру;
  • бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы толтыра алу;
  • есеп тіркелімдерін және бас есеп кітабын жүргізу;
  • қаржылық есептілікті құру, оны талдауды жүргізу;
  • кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерінің есептерін, олардың қорытындылары, ұсыныстары мен аудиторлық тұжырымдары бар талдауын жүргізу.
Бухгалтер келесі дағдыларды игеруі керек:
  • шаруашылық етуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша нормативтік құжаттармен, анықтамалық әдебиетпен және басқа да ақпараттық көздермен жұмыс және оларды өз құзыретінің шеңберінде шаруашылық мәселелерді шешкен кезде қолдану;
  • шаруашылық етуші субъектілердің қаржылық және экономикалық қызметтерін ұйымдастыру;
  • ақпаратты өңдеу үшін дербес компьютерде жұмыс істеу; бухгалтерлік, басқару, салық есебін жүргізу;
  • бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есептілікті құру; салық төлемдері бойынша декларация құру;
  • аудиторлық тексерістерді өткізу;
  • аудиторлық қорытындыларды, шаруашылық етуші субъектілер жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің есебін құру;
  • экономикалық талдау өткізу.

Колледжді аталған мамандық бойынша тәмамдаған соң түлек бухгалтерияда, кәсіпорынның жоспарлау және қаржы бөлімінде, сондай-ақ аудиторлық фирмаларда ассистент болып жұмыс істей алады.

^ Наверх