ҚАЗ РУС 27 маусым 2017 ж.








29.05.2017
«Таза жағалаулар» акциясы

2017 жылғы 27 мамыр күні «Жас Отан» Жастар Қанатының «Таза жағалаулар» акциясы аясында Пёстрое көлінің жағасындағы Солтүстік жұлдызы стеласының жанында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен экологиялық байқау өтті.

Байқаудың барысында Пёстрое көлін қоқыстан тазарту өткізілді.

Байқаудың қорытындылары бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы грамота және құнды жүлдемен марапатталды.

27.05.2017
«Есіктен есікке» акциясы

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың ақпанынан бастап ақпараттық парақшалар мен плакаттарды тарату бойынша «Есіктен есікке» акциясы іске қосылды.

Акцияның шеңберінде сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша үнпарақтар аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен білім ұйымдарының сайттарына орналастырылады.

25.05.2017
Волонтерлік қозғалыс

2017 жылғы 15 сәуірден бастап тері зауытын су тасқынынан болған зардаптан тазарту бойынша жұмыс басталды. Осы жұмысқа Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері белсенді қатысты.

«Жастар бастамасы орталығы» КММ облыстық орталығында волонтерлік қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін «Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ келесі студенттерге алғысын білдірді:

Мыңбай Әлфараби Хусанұлы;

Дияр Қанат Болатбекұлы;

Торекулов Жандос Сұлтанұлы;

Рахым Серік Іляұлы;

Сайлау Айдын Әбілкасұлы;

Шәріпев Бағдаулет Әдібекұлы;

Есбатырова Гулнара Досалықызы;

Сердюков Михаил Юрьевич;

Халиулин Руслан Дмитриевич.

25.05.2017
Мүгелек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарды онлайн-қолдау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан-Ресей Медициналық Университетімен бірлесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн-қолдау жолымен тегін психологиялық көмек көрсетеді.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті мүгедек баласы бар отбасыларға мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыруға жағдай жасау, отбасында жайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін кеңес беру көмегін көрсету, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан азаматтарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.

Бұл қызметтің жұмысы Skype бағдарламалық жабдықтауының көмегімен, білікті психологтарды тарта отырып ұйымдастырылған, ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби кеңес алуға мүмкіндік береді.

Егер сіздің отбасыңызда мүмкіндіктері шектелген бала тәрбиеленіп жатса, осыған қатысты Сізге психологиялық қолдау керек болса, 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалып, көмекті алушының ЖСН айтып, диспетчердің нұсқауы бойынша әрекет етіп, өзіңізге ыңғайлы кеңес беру уақытын таңдаңыз. Мамандардың кеңес беруіне өтінімдер тәулік бойы 1411 тегін телефон нөмірі бойынша қабылданады.

Назар аударыңыз! Қызмет Skype арқылы мүлде тегін көрсетіледі, сондықтан Сіздің үйіңізде интернетке шығатын жол және Skype бағдарламасы болуы керек.

Онлайн-қолдау қызметі туралы толығырақ ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан (Петропавл қ., Абай к-сі, 64, 106, 201, 205 каб., 8(7152)36-36-05, 8(7152)46-29-01 тел. арқылы), тұрғылықты жер бойынша немесе i-krmu@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша ала аласыздар.

Подробнее
25.05.2017
Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналастыру

«Жасыл ел» жобасы жастарға жазғы демалыс уақытында түрлі бағыттар: құрылыс, елді-мекендерді көгалдандыру (ағаштарды отырғызу, арам шөп жұлу, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазалау және т.б.), қаланы абаттандыру бойынша студенттер жасағында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Жасыл ел» жобасына қатысу үшін еңбек шартын жасауға қажетті құжаттарды алып, Петропавл қаласының жастар еңбек жасақтарының штабына бару керек. Жалақы жұмыс көлеміне байланысты 30 000 бастап 60 000 теңгеге дейін белгіленген.

Жұмыс көлемін берушіге жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Жеке куәлік;

2. Зейнетақы шарты;

3. 086-У медициналық анықтамасы;

4. «Қазпошта» АҚ жалақы есебі;

5. Мекенжай анықтамасы;

6. Нысан бойынша анықтама;

7. Деректерді өңдеуге келісім;

8. Салық жеңілдіктеріне өтініш;

9. Кәмелетке толмағандар үшін – жұмыс істеуге ата-аналарының рұқсаты.

Жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Жеке куәлік;

2. Нысан бойынша өтініш;

3. «Қазпошта» АҚ жалақы есебі;

Кәсіпорыннан берілетін құжаттардың тізімі:

1. Шарт;

2. Жауынгерлердің тізімі;

3. Орындалған жұмыстардың акті;

4. Жұмыс уақытын есепке алу табелі.

Анықтама телефондары: 8-707-400-46-57, 8-775-400-46-57.

Подробнее
Страница 1 из 62