КАЗ РУС 2018 қазан 17
«Серпін-2050» білім беру бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында «Серпiн – 2050» жаңа білім беру бағдарламасы жұмысын бастады. Бағдарлама жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуге және кадрлармен қамтуға бағытталған. Бұл бағдарлама үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арнайы квоталар бөлген.

«Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты – елді индустрияландырудың келешекте даму жоспарларының және еңбек ресурстарын тиімді бөлудің негізінде аймақтарда талап етілетін мамандықтарды дәріптеу.

«Серпін-2050» республикалық бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына арналған.

2014 оқу жылында Петропавл темір жол көлігі колледжі «Серпін-2050» білім беру бағдарламасының қатысушысы болды.

Петропавл темір жол көлігі колледжі үш корпустан тұрады және оның теориялық, тәжірибелік оқытуды өткізуге арналған қажетті базасы бар, 15 зертхана және 36 оқу кабинеті қазіргі жабдықтармен қамтамасыз етілген, оқу шеберханалары бар, оқытудың техникалық құралдарының көптігі, 5 компьютерлік сынып, бейне-сынып, кітапхана, оқу, акт, спорт және жаттығу залдары оқыту үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етеді, студенттердің танымдық қызметін жандандырады.

Колледж техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Білім беру қызметін жүргізу құқығы №0066788 лицензиямен расталған.

Байланыс:

Қазақстан Республикасы

150000, Петропавл қ., Ю. Медведев к-сі, 1

«Петропавл темір жол көлігі колледжі» КМҚК

Телефон +7 (7152) 38-12-91

Факс +7 (7152) 38-12-91

Сұрақтарыңызды pkgt@yandex.kz – электрондық поштасына жолдаңыздар.

Колледждің материалдық-техникалық базасымен осында таныса аласыздар.

Колледждің профессорлық-оқытушылар құрамымен сіздер осында таныса аласыздар.

2014 ж. 30 тамыз күні «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының 50 түлегі Петропавл темір жол көлігі колледжіне «Электрмен қамтамасыз ету» және «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету (локомотивтер)» мамандықтары бойынша білім алу үшін келді.

«Электрмен жабдықтау» және «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)» мамандықтары бойынша оқыту «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және 17 колледж, олардың ішінде Петропавл темір жол көлігі колледжі арасында дуалды оқыту аясында жасалған үш жақты келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Келісімге қол қою 2012 жылғы қараша айында ҚТЖ Көліктегі технология орталығында өтті.

«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)»

Біліктілігі: техник-электромеханик.

Қосымша жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь жұмысшы мамандығы беріледі.

Өндірістік қызмет түрлері: техник-электромеханик локомотив деполарында, цех шебері, жөндеу-жинау цехтарының бригада басшысы, арбашық және доңғалақ-ролик цехының шебері, нормалаушы, ТЖҚ слесарі, машинист көмекшісі, машинист болып, тартымдық жылжымалы құрамға қызмет көрсету бойынша жөндеу цехтарында, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің шебері болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай.

Аталған мамандық бойынша толық ақпаратпен осында таныса аласыздар.

«Электрмен қамтамасыз ету»

Біліктілігі: техник-электрик.

Қосымша электромонтер

жұмысшы мамандығы беріледі.

Өндірістік қызмет түрлері: – техник-электрик электрмен жабдықтау және электрлендіру құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, салу саласындағы жұмысқа арналған кең бейінді ортаңғы буынның маманы болып табылады. Түлек түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның біліктілігі жоғары жөндеушісі; түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның электромеханигі; түйіспе желісі мен тартымдық қосалқы станцияның энергодиспетчері, «Солтүстік Қазақстан Энерго», «СҚТЭК», темір жол ЭТ кәсіпорындарында түйіспе желісі ауданы мен желілік аудан тартымдық қосалқы станциясының басшысы болып жұмыс істей алады.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл l0 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл l0 ай.

Аталған мамандық бойынша толық ақпаратпен осында таныса аласыздар.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үшін жауапты

Үйлестіруші Оспанова Айгүл Самұратқызы

байланыс нөмірі: 8-747-987-49-93

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттердің арасындағы көшбасшылар

Манап Ерсұлтан Жақсыбекұлы тел: 8-702-710-69-69

Мыңбай Әлфараби Хусанұлы тел: 8-778-101-28-96

Есбатырова Гүлнара Досалықызы тел: 8-702-369-60-50

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын Петропавл темір жол көлігі колледжі студенттерінің тізімі

«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы

1. Абай Дархан Алмасханұлы

2. Байғон Жанназар Жаппарұлы

3. Байдуллаев Бақтыбек Сейдәліұлы

4. Бөгембаева Арайлым Дүйсенбіқызы

5. Дияр Қанат Болатбекұлы

6. Есбатырова Гүлнара Досалыевна

7. Зияханов Оңарбек Батирбекұлы

8. Исалиев Қанат Мадалиұғли

9. Исламбек Абылайхан Қайратбекұлы

10. Қуанышбаев Асылбек Жолдасович

11. Қалдыбай Нұрбек Ерғалиұлы

12. Меңтай Бағдат Жомартұлы

13. Мухидин Дархан Асуанұлы

14. Мыңбай Әлфараби Хусанұлы

15. Набихан Айбек Абайұлы

16. Сейдаз Наурызбек Әуелбекұлы

17. Сейдалим Мақсат Қанашұлы

18. Смаиыл Дариға Мұратқызы

19. Тағайбек Азатбек Бақтиярұлы

20. Торекулов Жандос Сұлтанұлы

21. Хыдыров Мұхтар Сережаұлы

22. Хыдырова Қаламқас Сережаевна

23. Шамасурханов Фаррухбек Сунатиллаевич

24. Шеркбоев Мақсад Бахтирұғли

«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)» мамандығы

1. Абдукаримов Бехруз Алишерович

2. Абдумаликов Жамшид Абдунабиевич

3. Абдусаматов Мардон Хасанович

4. Абсен Асхат Қайырғали

5. Азатбеков Дастан Рустамбекович

6. Анарметов Атабек Сайдахматович

7. Ережеп Бекжан Тореханұлы

8. Жұбай Жанислам Талғатұлы

9. Қамбар Алтай Абылқасымұлы

10. Манап Ерсұлтан Жақсыбекұлы

11. Морозов Владислав Валерьевич

12. Низамов Нуриддин Юсантаевич

13. Рақым Серік Ілясұлы

14. Сагайдак Григорий Евгеньевич

15. Сайлау Айдын Әбділкасұлы

16. Сердюков Михаил Юрьевич

17. Сулейменов Владислав Такенович

18. Султаниязов Дилшод Жаббаркулович

19. Тастанбек Мұқағали Қайратұлы

20. Турапбаев Асан Зиятханұлы

21. Усманалиев Акбарали Ахматалиевич

22. Халиулин Руслан Дмитриевич

23. Худайкулов Нурсултан Рустамбекович

24. Юсантаев Алишер Адилбекович

Студенттер қыркүйек айынан бастап колледждің қоғамдық өміріне белсене кірісті. Балалармен бірқатар іс-шаралар өткізіліп, онда білім алушыларға колледж туралы ғана емес, сондай-ақ Петропавл қаласы туралы көп қызық мәліметтер берілді. Көптеген студенттер қалалық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады, спорт секцияларына тартылған.

Оңтүстік облыстардан келген студенттердің сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған – олар жатақханадағы тұратын орындармен қамтамасыз етілген.

Колледждің жатақханасы бар. Ғимарат үлгілік, бес қабатты. 4 және 5 қабаттарда тұрғын бөлмелер, 1, 2, 3 қабаттарда оқу кабинеттері орналасқан. Бөлмелерде тұратындардың саны санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді.

Монша-кір жуу комбинатының директорымен жатақханада тұратын студенттерге жеңілдікпен қызмет көрсету туралы шарт жасалған.

Бос уақытты өткізу үшін жатақхананың 4 қабаттағы холлында теннис үстелі, теледидар бар, кабельдік телеарналар қосылған.

Жатақханада Жатақхана кеңесі жұмыс істейді. Жатақханада тұратын студенттермен тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.

Бекітілген кестеге сәйкес жатақханада оқытушылар мен сынып жетекшілерінің кезекшілігі жүзеге асырылады. Тәуліктік вахта белгіленген.

Жатақханада өткізу жүйесі қолданылады.

Күзет агенттігі тәуліктік кезекшілік атқарады.

Білім алуды сынып жетекшілері, тәрбиеші, педагог-психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үнемі бақылауда ұстайды.

Аралық аттестаттау қорытындылары

Үйірмелер:

1. Aрнайы пәндер бойынша техникалық шығармашылық;

2. Cпорттық секциялар.

Хостинг: IDhost.kz Яндекс.Метрика